Бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызОралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шаршы алаңға соңғы болып ауыр салмақтағы боксшылар шықты.
92 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан) чемпион атанды. Ол финалда Абзал Құттыбековті (Түркістан облысы) жеңді.
Ал 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) алтын медаль алды. Ақтық сында ол атыраулық боксшы Аманат Сабырғалидан басым болды.