русский язык
Бокс

Қазақстан чемпионаты: 51 келі салмақта жеңімпаз анықталды

Қазақстан чемпионаты: 51 келі салмақта жеңімпаз анықталды

Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келіге дейінгі салмақта Алматы облысының атынан өнер көрсететін Дамир Әбдіқадыр чемпион атанды. Ол финалда Батыс Қазақстан облысының спортшысы Нұрсұлтан Нұриденовті жеңді.

51 келі салмақта Тимур Қабдешов (Ақмола облысы) мен Қуаныш Дүйсенбай (Маңғыстау облысы) қола медаль алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;