Мусин әлем чемпионатының жартылай финалға өте алмады
Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден өнер көрсетіп, 25-орынға табан тіреді.
Оның көрсеткіші - 23,27 секунд.
Осылайша өзінің жеке рекордын және бұған дейін өзіне тиесілі ел рекордын (23,35 секунд) жаңартты. Алайда бұл көрсеткіші жартылай финалға өтуге жеткіліксіз болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или