Қазақстандық паратаеквондошы әлем чемпионы атанды
<span>Қазақстандық паратаеквондошы Мәлік Мұқашев Ыстанбұлда мәреге жеткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.</span>
<span>Бапкері Ербол Мерғалиевтің айтуынша, Мәлік Мұқашев 80 кг салмақта алдымен түрік спортшысын ұтты. Финалда ресейлік паратаеквондошымен шығып, екі секунд қалғанда, қарсыласын 41:39 есебімен жеңді.</span>
Мәлік бұған дейін әлем біріншілігінде жеті жылдан бері бақ сынап, үздік нәтижесі – бесінші орынмен шектелген еді.
<span>Биыл Мәлік Мұқашев Азия, Еуропа біріншілігі, Қазақстан спартакиадасы, енді, міне, әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, төрт алтын медальді жеңіп алып отыр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или