Бейжің Олимпиадасында спортшылар коронавирус жұқтырып алса жарыстан шеттетілмейді

Бейжің Олимпиадасында спортшылар коронавирус жұқтырып алса жарыстан шеттетілмейді

Бейжің Олимпиадасында спортшылар жарыстың қандай да бір кезеңінде коронавирус жұқтырса, жарыстан шеттетілмейді. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) баспасөз хатшысы Марк Адамс мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Марк Адамстың айтуынша, коронавирусқа байланысты себептер бойынша ешбір спортшы немесе команда жарыстан шеттетілмейді.

«Спортшының немесе команданың ең аз нәтижесі олар қатыса алмайтын жарыс кезеңін ескере отырып сақталады. Мысалы, егер олар финалға өтсе, бірақ ковидке байланысты оған қатыса алмаса, олар күміс медаль алады. Егер жекелей жарыс болса, онда екі күміс медаль беріледі», - деді Адамс.

Ескетеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4 мен 20 аралығында Бейжіңде өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или