Бекзад Нұрдаулетов кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісін тіркеді

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов (3-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұрдәулетов Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы өзбек Фаррух Джураев (6-4-1, 2 КО) болды. Жартылаф ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа созылды. Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Нұрдәулетовтың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Бекзад Нұрдәулетов үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Фаррух Джураев мансабындағы бесінші рет жеңіліске ұшырады. Еске салайық, қазақстандық кәсіби дебютін өткен жылдың қазан айында өткізген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или