Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионатында топ жарды

2021 жылдың 22-24 қазан аралығында шахматтан жастар арасындағы Азия чемпионаты-2021 онлайн режимінде өтті. Жарысқа 11 қазақстандық шахматшы қатысып, оның ішінде төрт қатысушы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

<span>Әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Ксения Балабаева 16 және Елназ Қалиахмет 12 жасқа дейінгі категориялар бойынша Азия чемпионы атанды. Чемпионат жеңімпаздары Алтын сертификаттармен марапатталады.</span>

<span>12 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 10 жасқа дейінгілер арасында Айару Алтынбек екінші жүлдені жеңіп алды. Күміс жүлдегерлерге де Күміс сертификаттар табысталады.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или