ММА

Eagle Fighting Championship 42: Дәурен Ермеков жеңілмеген ресейлік файтерді ұтты

Eagle Fighting Championship 42: Дәурен Ермеков жеңілмеген ресейлік файтерді ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (15-5) Сочиде өтіп жатқан Eagle Fighting Championship 42 аралас жекпе-жек турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ермектің қарсыласы жеңіліп көрмеген ресейлік Нуцалхан Умаханов (7-0) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Ермеков жеңіске жетті.

Осылайша, Дәурен Ермеков кәсіпқой мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізсе, Нуцалхан Умаханов бірінші рет ұтылды.

Айта кетейік, Eagle Fighting Championship промоушнінің иесі - UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер