Спортшылар елордадағы Триатлон саябақта ағаш екті

Спортшылар елордадағы Триатлон саябақта ағаш екті

Бүгін еліміздің бірқатар танымал спортшысы Қазақстан спортшылар одағының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық сенбілікке қатысып, Триатлон саябақта ағаш екті.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Қазақстан спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев, әйелдер күресінен үш дүркін Олимпиада жүлдегері, 4 дүркін Азия чемпионы Гюзель Манюрова, танымал атлет, Мәдениет және спорт министрлігінің спорт амбассадоры Сергей Цырульников, бокстан әскерилер арасында әлем чемпионы, Олимпиада қатысушысы Миржан Рақымжанов, көркем гинастикадан Азия чемпионы, Олимпиада қатысушысы Анна Алябьева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айдын Жақыпов, Темір Спатаев, спорт саласы қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы акция кезінде 100-ге жуық ағаш егілді.

Жалпы ағаш егу акциясы республика бойынша өтіп жатыр. Бүгін 5 мың ағаш егіледі деп жоспарланған. Ағаштардың қатарында қарағай, қайың, құсшие және алма бар. Бұл акция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд. ағаш егу туралы тапсырмасы аясында өткізіліп жатыр.

Бүгінде елімізде 30 млн га орман алқабы бар. Орман алқабының үлкен бөлігі Қызылорда, Жамбыл олыстарына тиесілі. Айта кетейік, Қазақстанда қазанның үшінші жексенбісі орман шаруашылығы қызметкері күні деп бекітілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или