Триатлоннан Азия Кубогында қазақстандық спортшылар жүлде алмады

Триатлоннан Азия Кубогында қазақстандық спортшылар жүлде алмады

Бүгін Ташкентте спринт қашықтығындағы триатлоннан Азия кубогы өтті.

<span> Кубок World Triathlon және Asia Triathlon бастамасымен Узэкспоорталығында өткізіліп, онда әлемнің 10 елінен келген 35 спортшы бақ сынады. </span>

<span>Өзбек астанасына Қазақстан атынан алты Elite спортшылары келген болатын әрі олар сайыстағы басты бәсекелес болып есептелді. Өкінішке орай, спортшыларымыздың ешбірінің бағы жанбады.</span>

<span> Екінші нөмірмен сайысқа шыққан Екатерина Шабалина (01:11:21) соңғы орында қалса, Надежда Бекмаганбетова 01:09:31 уақытымен сегізінші орыннан көрінді. Үздік үштік қатарында польшалық Паулина Кильмас (01:01:16), Люксембург спортшысы Ева Дэниелс (01:01:44) және швейцариялық Лиза Берджер (01:02:42) сынды спортшылар көрінді.</span>

<span> Ерлер санатында қазақстандықтар арасындағы үздік нәтижені сегізінші орын алған Мейрлан Ысқақов (00:56:30) көрсетті. Оның артынша мәреге жеткен Дарын Қонысбаев (00:56:49) болды. Аян Бейсенбаев (00:57:15) он бірінші орында, Темирлан Темиров (01:00:31) он жетінші орында сайысты тәмамдады. Жеңіс тұғырынан марокколық  Бадр Сиване (00:55:32) көрінсе, екінші орында поляк Мацей Бруздзяк (00:55:36), үшінші орында украиндық Виталий Воронцов (00:55:41) болды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или