Мөлдір Жаңбырбай: Олимпиададағы қателігімді қайталамауға тырыстым

Каратеші Мөлдір Жаңбырбай Мәскеуде Премьер-лига кезеңінде топ жарды. Жарыс жеңімпазы атанған Мөлдір Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Олимпиададан кейін кішкене демалып, осы жарысқа 10 күн ғана дайындықпен барсам да, жақсы нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын. Олимпиадада жеңіп тұрып, соңғы сәтте ұпай жіберіп ұтылып қалғаныма ішім ашыды, Олимпиададан кейін бұл үлкен өкінішке айналды. Мәскеудегі әлемдік доданың финалындағы австриялық қарсыласымнан соңғы секундтарда ұпай жіберіп, ұтылып қалғанмын. Сондықтан маған бұл финал өте маңызды болды. Олимпиададағы қателігімді қайталамауға тырыстым. Нәтижесінде жеңіске жеттім. 

Жылдың соңына дейін Қазақстан, әлем және Азия чемпионаттарына қатысамыз. Әрөайсысына тыңғылықты дайындалып, міндетті түрде алтын алуға тырысатын боламын», - дейді спортшы. 

Айта кетерлігі, Мөлдір Жаңбырбай Мәскеу Премьер-лигасында 50 келіде чемпион болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или