«Керемет нәтиже көрсетіп жатыр». Тарек Абдесселем отандық каратэшілерді жоғары бағалады
Каратэден Қазақстан командасының кеңесші-бапкері Тарек Абдесселем Мәскеудегі Премьер-лига турниріне баға берді деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан командасы Мәскеудегі World Karate Premier League 2021 турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Токио Олимпиадасынан кейін каратэшілер өз бабын жоғалтпай, Дубайдағы әлем біріншілігіне және Алматыдағы Азия чемпионатына дайындалуы тиіс еді. Әйелдер командасының шеберлігі арта түстіү Олар керемет нәтиже тіркеуде. Үш қызымыз финалға шығып, бір спортшымыз қола алды.
Софья Берульцева Премьер-лигадағы төртінші алтынын алды. Жалпы алғанда тоғыз жүлдесі бар. Әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді. Мөлдір Жаңбырбай Токио олимпиадасының қола жүлдегерін ұтып, көптен күткен алтынына қол жеткізді.
Сабина Захарова да тұрақты нәтиже тіркеп жүр. Ал жаңа есімдер арасынан Әсел Қанайды атап өтемін. Ол қола медаль иеленді. Қайсар Алпысбай осы санаттағы турнирден үшінші алтынын ұтып, Дархан Асаділовпен бірге рейтингте үздіктер қатарына енді. Бұл отандық каратэшілердің дұрыс бағытта екенін көрсетеді», - дейді кеңесші.