Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасындағы VI Спартакиада аяқталды

Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасындағы VI Спартакиада аяқталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасының ресми жабылуы өтті.

27 қыркүйекте басталған дәстүрлі жарыс Нұр-Сұлтан, Алматы (паралимпиадалық спорт түрлерінен) және Шымкент (паралимпиадалық емес) қаласында өтті. Жалпы 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаладан келген мыңнан астам спорты бақ сынады.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Алматы облысының командасы бірінші орын алды. Алматы қаласының командасы екінші, Атырау облысы үздік үштікті түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ұлттық Паралимпиада комитетінің спорт директоры Олжас Ақпамбетов марапаттады.

«Спартакиаданы ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Мәдениет және спорт министрлігі мен Паралимпиадалық жаттықтыру орталығына рақмет айтамыз. Сонымен қатар паралимпиадалық қозғалысты қолдап, дамуына жағдай жасап келе жатқан өңірдегі жетекші мамандарға алғыс айтқым келеді»,-деді Олжас Ақпамбетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или