Қазақстанның шахматшы қыздары Әлем чемпионатын 4-орынмен аяқтады
Халықаралық гроссмейстер, отандасымыз Динара Садуақасова Испанияда өткен Әлем чемпионатының жеке сынында қола жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының Facebook-тегі парақшасында мәлім етілді.
«Елордалық спортшы, еліміздің мақтанышы Динара Садуақасованы Әлем чемпионатындағы қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Испанияның Ситжес қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық Әлем чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеде әлемнің 12 елі: АҚШ, Әзербайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Польша, Ресей, Франция, Украина, Қазақстанның үздік шахматшылары бақ сынады. Халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова екінші тақтада ойнап, жеке есепте қола жүлдені жеңіп алды», - деп жазылған дирекцияның мәліметінде.