Каратеші Берульцева Мәскеу Премьер-лигасын қорытындылады
Қазақстандық каратешілер Мәскеуде өткен Премьер-лига бәсекесінде төрт медаль жеңіп алды. Жарыс жеңімпазы атанған Софья Берульцева жарысты қорытындылады.
- Жарысымыз жақсы өтті. Көптеген жңадан спортшылар қосылған. Бұрын осыған дейін каратеден Премьер-лига додасына ТОП-100 спортшы ғана қатысуға мүмкіндік алатын. Осы жарыстан бастап ТОП-200 спортшыларға қатысуға рұқсат берілді.
Бұл Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы және әлем чемпионаты алдындағы соңғы жарысымыз. Олимпиададан кейін демалыс болғанымен, жаттығуымызды тоқтатқан жоқпыз. Бұл менің Олимпиада жүлдегері ретінде қатысқан бірінші әлемдік турнирім. Қарсыластың барлығы өте мықты дайындалған және финалға шыққанша барын бәрі барын салды, - дейді Софья Берульцева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или