Футзал

«Жігіттерді айыптауға еш себеп жоқ». Николай Иванов – Қазақстан - Португалия матчы жайлы

«Жігіттерді айыптауға еш себеп жоқ». Николай Иванов – Қазақстан - Португалия матчы жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Португалияға пенальти сериясында есе жіберді (ойын барысында - 2:2, пенальти сериясы - 3:4).

Енді Кака шәкірттері жартылай финалда Аргентинадан жеңілген Бразилиямен үшінші орын үшін кездесу өткізеді.

Prosports.kz сайтының журналисі белгілі футбол функционері, «Актюбрентген» футзал клубының негізін қалаушы және бұрынғы басшысы Николай Ивановпен хабарласып, Литвадағы әлем чемпионатының жартылай финалы аясында өткен Қазақстан - Португалия матчы жайын пікірін білді.

- Николай Григорьевич, португалдықтарды жеңу үшін қазақстандық командаға не жетіспеді деп ойлайсыз?

- Менің ойымша, бұл әлем чемпионатында бізге көптеген жағдайда сәттілік серік болды. Жеребе тарту сәтінен бастап, сеткаға дейін, бізге өте мықты қарсылас кездескен жоқ. Португалиямен ойында доп маңдайшаға, бағанаға тиді деген әңгімелерді естіп жатырмын, бірақ біз сәттілік шегімізді таусып қойған секілдіміз. Егер нақты ойын барысы туралы айтатын болсақ, онда, әрине, Қазақстан құрамасының қосалқы құрамы жеткіліксіз болды. Кака саналуы ойыншыларды ғана пайдалана алды.

- Португалия ойын барысында Қазақстан құрамасынан қандай көрсеткіш бойынша үздік болды?

- Біз жылдамдықты жоғалтып алдық. Әрине, Дуглас та, Тайнан да Португалияның жетекші ойыншыларынан кем соқпайды, бірақ командалық жылдамдық бірдей емес. Кейбір сәттерде біздің жігіттердің жолын қорғаушылардың кесіп кеткен кездері болды.

- Егер Нұрғожиннің голы бірнеше минут ерте соғылғанда, негізгі уақытта Португалияны жеңе алар ма едік?

- Бірдеңе деу қиын. Португалия матчтың көп бөлігін беске қарсы төрт ойыншымен өткізді. Игита шабуылға қосылды, бірақ қарсылас жақсы қорғады. Гол соғылған сәтте португалдықтар алыс бұрышты жаппай, қателесті, сол кезде Нұрғожин гол соқты. Егер осы қателік болмағанда матч 0:1 есебімен аяқталуы мүмкін еді. Мен Дугластың бабында емес екенін байқадым, оның соққыларының көбі қисық кетті, мұны оның шаршағанымен байланыстырамын.

- Экстра таймда соғылған Дугластың әдемі голынан кейін жеңісті неге ұстап тұра алмадық?

- Бұл да шаршаудан. Кака команда ресурсын максимум деңгейге дейін, тіпті одан да көп пайдаланды. Командадан бұдан артық ештеңе талап етудің қажеті жоқ, өйткені жігіттер қазірдің өзінде батырлар, өйткені олар қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Португалияда қосымша ресурс болды, олар соны пайдаланды.

- Лотерея деп аталатын пенальти сериясы жайлы не айтасыз?

- Пенальти сериясын лотерея дегенге келіспеймін, өйткені мұнда бәрі ойыншы мен қақпашының шеберлігіне байланысты. Бұл футболшылардың шебергілін көрсететін сәті. Егер қақпашы пенальти қайтарса, онда бұл оның таланты, позиция таңдау шеберлігі, соққыға реакциясының жоғарылығы және т.б.

- Қазақстан құрамасы осындай қиын жартылай финалдан кейін, Бразилиямен үшінші орын үшін матч алдында қалпына келе ала ма?

- Кешегі ойында Дугластың эмоцияға күші қалмады, ол матч бойы тек гол соққанда ғана көрінді. Ол алаңда отыз қырық минут өнер көрсетті. Мен жігіттер Бразилиямен соңғы ойынға қалай дайындалатынын білмеймін, өйткені Қазақстан құрамасының қалпына келуге уақыты мен энергиясы аз. Дугластың Бразилиямен ойнау арманы орындалды. Қашан да мүмкіндік болады, өйткені доп домалақ, алаң барлығына бірдей, бірақ футбол критерийлері Бразилия жаққа ауып тұр. Жігіттерге тек сәттілік тілеймін. Егер олар медаль ала алмаса да, жігіттер мақтауға лайық, өйткені олар қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Оларды айыптауға еш себеп жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер