Брейк-данс: Закиров халықаралық турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық Әмір Закиров брейк-данстан Бельгияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
JBL Unbreakable турниріне 30-дан астам елдің өкілдері қатысты. Закиров финалға <span>дейін Бельгия (Sambo), АҚШ (Jeffro), Норвегия (Exaggerate) және Ресей (Nord Diamond) спортшыларымен кездесті.</span>
<span> Финалда бельгиялық Mighty Jimm-ден басым түсті. </span>
Айта кетейік, брейк-данс Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или