Триатлоннан жылдың қорытынды жарысы Ақтауда өтеді

Триатлоннан жылдың қорытынды жарысы Ақтауда өтеді

<span>25 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында триатлоннан республикалық сайыстардың ақтық кезеңдері басталады. </span>

<span>Бұл күні сайыс алаңына олимпиадалық қашықтықтағы ҚР Ашық кубогы финалының аясында Elite және U23 спортшылары сынға түспек. Он тоғыз жасқа дейінгі спортшылар спринтерлік қашықтықта сайысады. </span>

<span>26 қыркүйекте бірден екі сайыс өткізіледі – кәсіби спортшылар арасында ҚР Ашық кубогы және Pro, Age Group спортшылары арасында «TEMIRADAM» кубогының финалы. </span>

<span>Спортшылар орта қашықтықты бағындыратын болады: 1900 м жүзу, 90 км велосайыс және 21 км жүгіру. Сайыстарға Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген 130 астам спортшы қатысады деп күтілуде.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или