Басқа

Сергей Ткаченко: Еліміздегі додада алғашқы алтылыққа енгенім қуантады

Сергей Ткаченко: Еліміздегі додада алғашқы алтылыққа енгенім қуантады

Щучинск қаласында тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы кезеңі өтуде. Аталған сында К-90 тұғырынан секіруден қазақстандық Сергей Ткаченко алтыншы орын алған болатын. Спортшы өз нәтижесіне байланысты пікірімен бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz.

«Соңғы секіргенім көңілімнен шығады. Бірінші мүмкіндігімді толық пайдалана алмадым. Ал екінші рет секіргенде биіктік те жоғары болды, жерге түсетін кезде де қате жібермедім. Жалпы есепте алтыншы орын алғаным үшін қуаныштымын.

Жарыстың бүгінге ауысқаны да жақсы болды. Кеше кешкісін турнирдің ертеңге ауыстырылуы мүмкін екенін сездім де, бүгінгі таңға дайындалдым. Командаластарыма келетін болсам, Данил жерге қонатын кезде сәтсіздікке ұшырады.

Ал Сабыржанның жеңіске деген жігері мықты болған сияқты. Сол себепті, бәрі ойдағыдай шықпауы мүмкін», - дейді Ткаченко

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0