Садақ атудан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Садақ атудан Қазақстан құрамасынан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар есімі белгілі болды.
Қыркүйек айының 19-25 күндері АҚШ-та садақ атудан әлем біріншілігі өтеді. Солтүстік Дакотада өтетін әлем чемпионатына Қазақстан сапынан үш спортшы қатысады.
Атап айтқанда, Ильфат Абдуллин, Сұлтан Дүзелбаев және Санжар Мұсаев ел намысын қорғайтын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или