Паралимпиада-2020: 29 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?
Токио Паралимпиадасының бесінші күні төрт спорт түрінен жеті қазақстандық өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пара дзюдошылар жақсы нәтижелерге үйретіп қойды, енді Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов пен Зарина Байбатинадан жүлде күтеміз.
29 тамыздағы сайыстар кестесі
Пара жүзу
7:00. 50 метрге еркін стильмен. S13. Ерлер. Алғашқы кезең
Нұрдәулет Жұмағали
7:03. 50 метрге еркін стильмен. S13. Ерлер. Алғашқы кезең
Роман Агалаков
Пара дзюдо
7:30. Ерлер, 90 келіге дейін. Алғашқы кезең
Жанбота Аманжол – Владимир Федин (Ресей)
7:30. Ерлер, 100 келіге дейін. Алғашқы кезең
Ерлан Өтепов – Ион Басок (Молдавия)
7:30. Әйелдер. +70 кг. Ширек финал
Зарина Байбатина – Нямаа Алтанцэцэг (Маңғолия)
Пара пауэрлифтинг
08:00. Ерлер, 88 келіге дейін
Рахмеджан Хамаев
Пара атлетика
16:44. Әйелдер. 200 м. T35. Финал
Салтанат Әбілқасымқызы