Паралимпиада-2020: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.
Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 174 келіні көтерді. Бұл сында күміс медальді франциялық А. Борлоун, қола жүлдені грекиялық Д. Бакорхристос иеленді.
Айта кетейік, Дегтярев 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или