Басқа

Бірінші рет қазақстандық спортшы байдарка мен каноэде есуден АҚШ чемпионы атанды

Бірінші рет қазақстандық спортшы байдарка мен каноэде есуден АҚШ чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

21-24 тамыз аралығында Оклахома-Сити қаласында әлемнің жетекші спортшылары қатысқан байдарка мен каноэде есу бойынша АҚШ-тың ашық чемпионаты өтті. Тарихта бірінші рет мұндай жарысқа қазақстандық байдарка мен каноэде есу мектебінің өкілі Әнуар Акчурин қатысты. Ол американдық Гэвин Росспен бірге екілік-каноэде 200 метр қашықтықты есіп, жеңіске жетті. Бұл туралы ҚазАқпараттың тілшісі хабарлайды.

Барлығы жарыстар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы бір алтын мен төрт күміс медаль еншіледі. Екі күміс медальді каноэ-екілікте 1 000 метр қашықтыққа есу бойынша және каноэ-төрттікте 500 метр қашықтықты АҚШ спортшыларымен («Washington Canoe Club») есіп өткені үшін алды. Күміс медальді 200 метр қашықтықты есіп өсу бойынша жеке жарыс кезінде, «алтынды» 200 метрлік каноэ-екілікте, тағы бір күмісті «Washington Canoe Club» спортшыларымен бірге каноэ-төрттікте 500 метр қашықтыққа есуден олжалады. 21 жастағы Әнуар Акчурин – Алматы қаласының тұрғыны. Байдарка мен каноэде есу секциясына 10 жасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне («Толқын» спорт кешені) барған. Халықаралық санаттағы спорт шебері. 2018 жылы астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдаған.

200, 500 және 1 000 метрге есуден Қазақстандық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. Әнуардың топтамасында 2016 жылғы Өзбекстанда өткен Азия кубогы, 2018 жылы Словакияда өткен Халықаралық регатадағы жеңіс, 2018 жылы Болгарияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 200 метр қашықтыққа есуден алған күміс бар. Ол – 2018 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Азия чемпионатының 500, 200 метрге есуден екі дүркін чемпионы. Қазіргі кезде Әнуар mechanical engineer мамандығы бойынша Florida Institute of Technology-дің 4-курс студенті. COVID-19 пандемиясы жағдайында отандасымыз АҚШ чемпионатында жоғары нәтиже көрсету мақсатымен жарыстарға өз бетінше жаттығуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер