Паралимпиада-2020: ашылу салтанатының тікелей трансляциясы
24 тамызда Токиодағы (Жапония) Ұлттық стадионда 2020 жылғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Паралимпиадада 7 спорт түрінен 26 қазақстандық қатысады. Жеті лицензия - жүзуден, жетеуі - дзюдодан, бесеуі - пауэрлифтингтен, үшеуі - тхэквондодан, екеуі – жеңіл атлетикадан, екеуі - каноэде жүзуден.
Жалпы XVI Паралимпиада ойындарында 22 спорт түрі болады, 136 елден 4400-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан туын тхэквондошы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтинг спортшысы Раушан Қойшыбаева ұстайды.
Ашылу салтанатын тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или