Мемлекет басшысы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span> «Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. </span>
<span>Амангелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. </span>
<span>Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын», - деп жазылған Президенттің көңіл айту жеделхатында.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или