Ақмолалық спортшы грэпплингтен әлем чемпионатында топ жарды

Ақмолалық спортшы грэпплингтен әлем чемпионатында топ жарды

Ақмолалық спортшылар грэпплингтен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина хабарлады.

Уфа қаласында (Ресей) грэпплингтен әлем чемпионаты аяқталды, оған 54 елден 1500 жасөспірім спортшы қатысты.

Ақмола облысының спортшылары еліміздің атынан лайықты өнер көрсетіп, үш жүлдеге ие болды.

Елизавета Синельниковаға тең келер ешкім болмады. Ол 49 келі салмақ дәрежесінде «Грепплинг» және «Грепплинг ги» бағдарламасында алтын медаль жеңіп алды.

«Грепплинг ги» сынында Мансұр Сақтағанов күміс жүлдегер атанды.

Жарыс қортындысында қазақстандық спортшылар 62 медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или