Олимпиада жүлдегерлеріне 31 млн теңге табысталды

Олимпиада жүлдегерлеріне 31 млн теңге табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Елдос Сметов III дәрежелі «Барыс» орденімен, ЗульфияЧиншанло ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, ҚамшыбекҚонқабаев, Сәкен Бибосынов, Игорь Сон, Софья Берульцева, Дархан Асаділов,Нұрислам Санаев «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Токиода өткен XXXII жазғы Олимпиаданың жүлдегерлері мен олардың бапкерлерін қабылдап, Мемлекеттік награда мен қаржылай сертификаттарды табыстады.

Салтанатты іс-шараға барлық жүлдегер мен олардың жеке бапкері, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Олимпиаданың қола жүлдегерлеріне 31 миллион теңге, ал жеке бапкерлеріне 25 миллион теңгеден қаржылай сыйақы табыстады.

Салтанатты іс-шара соңында Қазақстан делегациясы спортшыларының атынан дзюдошы Елдос Сметов пен каратэші Софья Берульцева сөз сөйлеп, пандемияға қарамастан тыңғылықты жаттығу жұмысын жүргізуге бар жағдайды жасағаны үшін Президентке алғыс айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или