«Қобалжу басым болды». Әсем Орынбай Токио төріндегі әсерімен бөлісті

«Қобалжу басым болды». Әсем Орынбай Токио төріндегі әсерімен бөлісті

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Әсем Орынбай Токио Олимпиадасында іріктеу сынынан өте алған жоқ. Спортшының айтуынша, ірі жарыста қобалжу басым болып, психологиялық тұрғыдан қиындықтар туындаған деп жазады Olympic.kz.

«Бұл менің ең алғашқы Олимпиадам. Сондықтан, уайым да, қобалжу да кездесті. Ойдағыдай нәтиже көрсетпеуіме сол жиі қобалжығаным себеп болған шығар. Тәжірибенің аздығы да бар. Күннің тым ыстық болғаны туралы әңгіме бір бөлек.

Бірақ бұл ойыннан мен үлкен әсермен оралдым. Өйткені, Олимпиаданың рухы бөлек. Мұндағы атмосфера басқаша. Олимпиадалық рухты сезініп, болашаққа үлкен жоспарлармен оралдым.

Токиода барымды салдым. Енді аздаған үзіліс алып, алдағы жарыстарға дайындаламын. Қазақстан чемпионатында сынға түсеміз», - деді Әсем.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или