Токио Паралимпиадасына Қазақстаннан қанша спортшы қатысады?
24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токио-2020 XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Бұл сынға Қазақстанның атынан 25 паралимпиадашы қатысып, спорттың 7 түрі бойынша ел намысын қорғайды.</span>
<span>«Паралимпиада ойындары қарсаңында «Қазақстанның Паралимпиада спортын қолдаймыз» челленджі басталды. Рио-2016 Паралимпиада ойындарынан кейін елімізде параспортпен айналысқысы келетіндердің саны артты, өңірлерде мүгедек адамдарға арналған жаңа спорт мектептері ашылды және елордада ультразаманауи паралимпиадалық жаттығу орталығы салынды. Онда мүмкіндігі шектеулі адамдар өзіне қолайлы спорт түрімен тегін айналыса алады», - деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитеті Маркетинг және коммуникация департаментінің хабарламасында.</span>