Олимпиада чемпионы: Сметов пен Рыбакина Токиода жеңіске жақын болды

Олимпиада чемпионы: Сметов пен Рыбакина Токиода жеңіске жақын болды

1996 жылғы грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Юрий Мельниченко YouTube-тегі CREATIVE.TOCHKA каналының қонағы болды, деп жазады Prosports.kz.

Ол Елдос Сметов пен теннисші Елена Рыбакинаның Токиодағы Олимпиада ойындарындағы өнері жайлы сөз қозғады.

«Елдос Сметов пен Елена Рыбакина Токиода тп жаруға жақын еді. Спортта мынандай түсінік бар: спортшының биік шыңға шығуға мүмкіндігі артатын кезең болады. Олимпиада кезінде Елдос пен Елена нағыз бабында еді. Мұны екеуінен анық көрдім. Екі спортшы да өздерімен әлеуеті тең қарсыластарға есе жіберді», - деді Мельниченко.

Айта кетейік, Юрий Мельниченко Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы грек-рим күресінен бірінші және осы уақытқа дейін жалғыз Олимпиада чемпионы. 

Рыбакина мен Сметов Токиода өткен дүбірлі додада қола медаль жеңіп алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или