Токио Олимпиадасында еліне қайтудан бас тартқан белорусь спортшысы аукционға медалін қойды
Белорусь спортшысы Кристина Тимановская eBay -де 2019 жылғы Еуропа ойындарының күміс медалін қойды, - деп хабарлайды Рrosports.kz.
Тимановская 2019 жылы Минскіде өткен еуропалық ойындарында 100 метрге жүгіруден екінші орын алған болатын.
Медальдың бастапқы құны бес мың доллар. Әзірге медальға бір ғана сатып алушы қызығушылық танытып отыр.
Тимановская медалін сатудан түскен барлық қаражат оппозицияда жүрген беларусь спортшыларына қолдау көрсететін Белорусь спорттық ынтымақтастық қорына аударылатыны жазылған.
Тимановская Токио Олимпиадасына 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруде қатысуы керек еді. Бірақ беларусьтік екі спортшы 4х400 метрлік эстафетаға қатысудан допинг -тесттің қажетті санының болмауына байланысты жарыстан шеттетілді. Осыдан кейін жаттықтырушылар Тимановская 4х400 метірлік қашықтыққа жүгіреді деп шешті. Әлеуметтік желідегі спортшы бұл шешімді сынға алды. Ол басшылық сапасыз жұмысты спортшылардың есебінен түзетуге тырысатынын айтты.
Осыдан кейін Белорусь Олимпиадалық комитеті Тимановская «эмоционалды -психологиялық жағдайына байланысты дәрігерлердің қорытындысы бойынша» ойынға қатысуын тоқтататынын хабарлады.
Спортшының өзі бұқаралық ақпарат құралдарына Еуропадан саяси баспана іздейтінін айтып, Халықаралық олимпиада комитетіне көмек сұрап жүгінді. Тимановскаяның айтуынша, оған қысым жасалған және олар оны келісімінсіз Жапониядан шығаруға тырысқан. Спортшы 4 тамызда Токиодан Венаға ұшып кетті, ал Австрия астанасынан Варшаваға кетті.