Олимпиада ойындарында жаңа рекорд тіркелді

Олимпиада ойындарында жаңа рекорд тіркелді

Жапония астанасы Токиода өткен Олимпиада ойындарында жаңа рекорд тіркелді, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті Олимпиадада 93 ұлттық олимпиадалық комитеттің (елдің) спортшысы медаль жеңіп алды.

Бұған дейінгі рекорд Бейжің Олимпиадасында тіркелген. Ол кезде 87 елдің спортшысы Олимпиада жүлдесіне (қола, күміс немесе алтын) қол жеткізген.

Токиода Түрікменстан, Сан-Марино, Буркина-Фасо сияқты елдердің спортшылары тұңғыш рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Сонымен қатар Катар, Филиппин және Бермуда спортшылар алғаш рет алтын медаль алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или