Басқа

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында қанша табыс тапты?

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында қанша табыс тапты?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылар Токиодағы Олимпиада ойындарында сегіз қола алды, – деп хабарлайды Рrosports.kz.

Елімізде жүлдегерлер мен чемпиондар бонустардың мөлшері мынадай:
• алтын – 250 мың доллар,
• күміс – 150 мың,
• қола – 75 мың.

Токиодағы жүлдегерлер: дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев, сондай-ақ каратешілер Дархан Асадилов пен Софья Берулцева.

Осылайша, қазақстандық спортшылар әр қола медаль үшін 75 000 доллар алады.

Сонымен қатар, Бибосынов пен КҚоңқабаевқа Қазақстан бокс федерациясынан 50 мың доллар көлемінде қосымша төлемдер қарастырылған.

Сондай -ақ, теннисші Елена Рыбакина 2020 жылғы Олимпиадада төртінші орын үшін 30 000 доллар, ал Милад Карими (спорттық гимнастика) – бесінші орын үшін 10 000 доллар алады.

Жалпы, қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында тапқан жүлде қорының жалпы көлемі 740 мың долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер