Каратеші Берульцева жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Олимпиада ойындарындағы үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
61 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз әзербайжандық Ирина Зарецкаяны жеңді. Есеп - 5:4.
Алғашқы үш кездесудің екеуінде жеңіп, бірінде тең түскен отандасымыз жартылай финалға жолдама алды. Демек ол кем дегенде қола медаль алады.
Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Софья Берульцева жапаниялық Аюма Уэкусамен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или