Дархан Асаділовті ұтқан француз Олимпиада чемпионы атанды

Дархан Асаділовті ұтқан француз Олимпиада чемпионы атанды

Француз Стивен да Коста каратэден Токио Олимпиадасында алтын медаль алды.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда француз спортшысы түрік спортшысы Эрай Самданды 5:0 есебімен жеңді.

Олимпиадалық ойындардағы жарыстың жартылай финалында француз Қазақстан өкілі Дархан Асаділовті 5-2 есебімен жеңген еді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында Токиодағы ойындарда жеті қола медаль бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или