«Қоладан басқа медаль қоржынға түсе ме?». 6 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

«Қоладан басқа медаль қоржынға түсе ме?». 6 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының кезекті күнінде қазақстандықтар спорттың алты түрінен бақ сынайды деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Қазақстан қоржынына үш қола медаль түсті. «Алтын» алады деп үміт артқан каратешіміз Дархан Асаділов топтық кезеңнен сенімді өткенімен, жартылай финалда француз Стивен да Костаға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат етті. Боксшы Сәкен Бибосынов британдық Галаль Яфайдан 2:3 есебімен ұтылып, финалға өте алмады. Ал еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев «қола» үшін күресте болгар Георгий Вангеловтан басым түсті.

6 тамызға арналған жарыс кестесі

06:37 Байдарка мен каноэда есу. Әйелдер. Жұптық сын. 500 метр
Светлана Усова, Маргарита Торлопова

06:52 Байдарка мен каноэда есу. Әйелдер. Жұптық сын. 1000 метр
Сергей Емельянов

07:20 Көркем гимнастика. Көпсайыс. Іріктеу
Алина Әділханова

08:30 Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал
65 келі. Дәулет Ниязбеков - Алехандро Вальдес (Куба)
97 келі. Алишер Ерғали - Мохаммед Фардж (Алжир)

08:30 Еркін күрес. Әйелдер. 1/8 финал
50 келі. Валентина Исламова - Люсия Йепес (Эквадор)

11:54 Қазіргі бессайыс. Әйелдер
Елена Потапенко

13:30 Жеңіл атлетика. 20 шақырым. Әйелдер
Айман Ратова

14:00 Каратэ. Ерлер
75 келі. Нұрқанат Әжіканов

15:50 Еркін күрес. Ерлер. «Қола» үшін күрес
74 келі. Данияр Қайсанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или