Қазіргі бессайыс: Ильяшенко семсерлесу сынында 28-сатыға жайғасты

Қазіргі бессайыс: Ильяшенко семсерлесу сынында 28-сатыға жайғасты

Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы қазіргі бессайыс бойынша жарыс басталды, деп жазды Prosports.kz.

5 тамызда турнирге қатысушылар семсерлесуден бақ сынады. 

Қазақстандық бессайысшы Павел Ильяшенко 190 ұпай жинап, 28-орын алды. Семсерлесу бойынша Павелдің еншісінде 15 жеңіс пен 20 жеңіліс бар. 

Алғашқы бағдарламадан кейін ұлыбританиялық Джозеф Чунг (250 ұпай) көш бастады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы сында қазақстандық бессайысшы Елена Потапенко семсерлесуде 8-орын алған еді (220 ұпай).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или