Наталья Сергеева: Олимпиадада ел намысын қорғағаным үшін қуаныштымын
Қазақстандық спортшы Наталья Сергеева Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтап, өз жанкүйерлеріне алғыс айтты деп жазады Olympic.kz.
«Міне, менің соңғы Олимпиадам да аяқталды. Енді Олимпиада болмайды. Әрине, өзім қалағандай нәтиеже болмады. Есу спортында қанша жыл жүрсем де, әлі күнге дейін мектеп оқушысы секілді қобалжимын. Азияда біз мықтымыз. Алайда, еуропалықтармен бір деңгейде өнер көрсетіп, Олимпиада ойындарында жарысу үшін көп жұмыс істеу керек. Сондықтан, қыздар, бәрі де алда! Сіздердің Олимпиадаларыңыз алда! Жұмыс істеп, еңбектеніңіздер.Мен осы Олимпиадада ел намысын қорғағаным үшін өте қуанышты. Физикалық тұрғыдан емес, психологиялық жағынан қиын болды. Бірақ бәрі бітті. Финалдан мені көре алмайсыздар. Иә, мен алтын алғаным жоқ. Көпшілік мені ештеңе көрсетпеді деп ойлайды. Бірақ менің спорттық мансабым табысты өтті. Көптеген қазақстандықтар менің нәтижемді де көрсете алған жоқ. Сондықтан, бәрі қолдарыңда, алға басыңдар!», - дейді Наталья.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или