Белгілі журналист және фотограф Владимир Бугаев өмірден озды

Белгілі журналист және фотограф Владимир Бугаев өмірден озды

Белгілі журналист және фотограф Владимир Николаевич Бугаев 68 жасында коронавирустан қайтыс болды. Ол ұзақ жылдар бойы фототілші ретінде елімізде қызмет еткен, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

Владимир Бугаевтың туындылары әлемнің 17 елінде: Англия, Аргентина, Бельгия, Венгрия, Гонконг, Үндістан, Испания, Канада, Қытай, Макао, Молдова, Португалия, Ресей, АҚШ, Украина және Чехословакиядағы халықаралық фотосалондарда қойылды.

Владимир Николаевич – «Қазақстанның үздік фототілшісі» номинациясы бойынша «Алтын жұлдыз» ұлттық жоғары журналистік сыйлығының лауреаты. Бұл атақты Қазақстан журналистика академиясы 2012 жылдың 29 мамырында берді. Белгілі журналистің марапаттары арасында - диплом мен алтын статуэтка, «Қазақстан Республикасындағы туризмді дамытудағы қызметі үшін» төсбелгісі, «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін» медалі және басқа да наградалар бар.

Стрингер ретінде ол REUTERS, EPA (Еуропалық фото агенттігі) және FRANSE-PRESSE (AFP) әлемдік ақпараттық агенттіктерімен, ИТАР-ТАСС-пен жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или