«Бағанада бағы жанған бала». Милад Карими Олимпиада қалай өнер көрсетті?

«Бағанада бағы жанған бала». Милад Карими Олимпиада қалай өнер көрсетті?

Қазақстандық спортшы Милад Карими Токио Олимпиадасында спорт гимнастикасынан бірден үш финалда бақ сынады.

Ол еркін жаттығуда 5-ші, көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орын алды. Ал гимнастикалық керме снарядында жаттығуды орындау барысында екі рет құлап, жүлдеден қағылды.

Спорттық гимнастикадан Олимпиадада жалғыз өзі ел намысын қорғаған Милад Карими жарысты жайлы пікірін айтып, болашақ жоспарымен бөлісті.

Олимпиада жайлы

Бірінші Олимпиадам болғандықтан бойымды ерекше сезім биледі. Оған қоса жауапкершілікті сезіндім. Олимпиада ойындарына жақсы дайындықпен келдім, әлемнің мықты гимнасшыларымен бірге жаттықтым. Олимпиадаға қатысу әрбір спортшының арманы, сондықтан жақсы нәтиже көрсеткім келді.

Үш финалдағы нәтиже

Алғашқы финалдағы нәтижем өзім ойлағандай болды. Өйткені жаттығу кезінде негізгі басымдықты еркін жаттығу мен белтемірге берген едім. 2019 жылғы әлем чемпионатымен салыстырғанда Олимпиадада көп қателестім. Соған қарамастан жоғары нәтиже көрсеттім.

Көпсайыс финалында 15,033 ұпай жинадым. Ал еркін жаттығуда жеңімпаз атанған гимнаст 14,9 ұпай алған. Бұған қарап менің көпсайыстағы ұпайым алтын алуға жететінін байқауға болады. Еркін жаттығудың финалында сегізінші шықтым. Осы уақыт аралығында қарсыластарымның өнерін бақылап отырдым. Олар іріктеудегі жоғары нәтижесін көрсете алмай, көп қателесті. Менде де дәл сондай жағдай болды. Еш уайымсыз шығып, өнерімді көрсетудің орнына жүлдеге таласамын деген ой мазалап қойды. Қатты уайымдап, көп қателестім. Мүмкін Олимпиада ойындарының деңгейі әсер кеткен болар.

Белтемірде жаттығуда не болғанын өзім де түсіне алар емеспін. Басқа жарыстарға қарағанда бұл жолы бірінші шықтым. Қорқыныш болмады. Өзіме сенімді болды. Бар болғаны өз ойынымды көрсеткенде үштіктен көрінетін едім. Бірақ Олимпиада ойындарында жиі қателеседі екенсің. Оның үстіне біздің спортта қателесу әп-сәтте. Сегіз гимнасшының төртеуі белтемірден құлап түсті. Осы қателіктеріммен жұмыс істеп, ары қарай дами түсемін.

Болашаққа жоспар

Олимпиададан соң екі апта демаламын. Бабыма келу үшін оқу-жаттығу жиынына қатысамын. Сосын Токиода өтетін әлем чемпионатына Украинада дайындаламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или