Спорттық құзға өрмелеу: Хайбуллин «боулдеринг» бағдарламасы бойынша бақ сынады
Қазақстандық Ришат Хайбуллин Олимпиада ойындарында спорттық құзға өрмелеу жарысының боулдеринг бағдарламасы ойынша іріктеуінде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Альпинист бұл сында 17-орын алды. Бұған дейін ол жылдамдық бәсекесінде төртінші болған.
Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша отандасымыз 8-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, үш сынның нәтижесі (жылдамдық, боулдеринг және қиындық) бойынша 8 үздік спортшы финалға шығады.
Фото: Владислав Семенов, olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или