Спорттық гимнастика: Милад Карими жүлде ала алмады
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Олимпиада ойындарында гимнастикалық керме сынында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Карими 11.266 ұпай жинап, бұл бағдарламада соңғы орын алды.
Бұл сында жапониялық Даики Хасимото (15.066) алтын медаль алды. Екінші орынға хорватиялық Тин Србич (14.900), «қолаға» ресейлік Никита Нагорный (14.533) ие болды.
Айта кетейік, Милад Карим бұған дейін көпсайыста 14-орын, ал еркін жаттығуда 5-орын алған еді.
Фото: Тұрар Қазанғапов, olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или