«Гимнастика финалы мен бокстағы екі ширек финал». 3 тамызда кімдер жарыс жолына шығады
Токио Олимпиада ойындарының он бірінші күнінде бірнеше қазақстандық спортшы медальға қол жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грек-рим күресінен кезекті балуанымыз бөзкілемге шығады. 87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Тұрсынов неміс спортшысымен кездеседі. Күрестің осы түрінен бөзкілемге шыққан қазақстандық балуандардың бәрі бірінші айналымнан әрі аса алмай жатыр.
Боксшылар Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин жартылай финалға жолдама алып, кемі қола медаль еншілеуге тырысады.
Құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин жарысты бастайды.
Гимнаст Милад Карими кермеде жаттығуда финалда бақ сынап көреді.
3 тамызға арналған жарыс кестесі
Грек-рим күресі 1/8 финал.
Ерлер 87 келіге дейін
8:30. Нұрсұлтан Тұрсынов - Денис Максимилиан Кудла (Германия)
Құзға өрмелеу
Жылдам өрмелеу. Іріктеу. Ерлер. 14:00
Боулдеринг. Іріктеу. Ерлер. 15:00
Қиындығына қарай өрмелеу. Іріктеу. Ерлер 18:10
Ришат Хайбуллин
Бокс. Ширек финал.
52 келіге дейінгі ерлер.
14:48. Сәкен Бибосынов - Габриэль Эскобар Маскунано (Испания)
Ширек финал. 63 келіге дейінгі ерлер.
15:35. Зәкір Сафиуллин - Гарри Гарсайд (Австралия)
Спорттық гимнастика
15:39. Гимнастикалық керме. Финал. Ерлер
Милад Карими
Әртістік жүзу
16:30. Техникалық бағдарлама
Александра Немич, Екатерина Немич