Формула-1. Соңғы 38 жылда алғаш рет франциялық шабандоз Гран-при жеңіп алды

Формула-1. Соңғы 38 жылда алғаш рет франциялық шабандоз Гран-при жеңіп алды

«Хунгароринг» трассасында Формула-1-ден Венгрия Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Альпин» командасының өкілі Эстебан Окон жарыста топ жарды. 24 жастағы француз үшін бұл 2015 жылдан бергі алғашқы жеңісі болды. Сондай ақ, соңғы 38 жылда Гран-при жеңіп алған тұңғыш франциялық шабандоз атанды. 1983 жылы «Рено» рөлінде Ален Прост Австрия Гран-приін жеңіп алғалы бері ешбір француз беделді жарыста үздік шықпаған еді. 

Екінші орынды «Астон Мартин» командасындағы әлемнің төрт дүркін чемпионы Себастьян Феттель иеленді. Ал, әлем чемпионатында жеті рет үздік шыққан Льюис Хэмилтон үздік үштікті түйіндеді. 

Конструкторлар кубогында «Мерседес» командасы бірінші орында - 300, одан кейін «Red Bull» командасы - 290. Үшінші орында «McLaren» - 163.

Жеке есепте Хэмилтон 192 ұпаймен көш бастап тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или