«Балуандар сайысы басталады». 1 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?
Ертең қазақстандық Токио Олимпиадасында бес спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 тамызда Олимпиадада күрес түрлерінен жарыс бастау алады. Грек-рим күресінде Мейрамбек Айнағұлов пен әйелдер күресінде Эльмира Сыздықова жарыс жолына шығады.
Сонымен қатар, боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда жұдырықтасады. Ал гимнаст Милад Карими еркін жаттығудан финалда өнер көрсетеді.
Грек-рим күресі. Ерлер, 60 келі. 1/8 финал
08:00. Мейрамбек Айнағұлов - Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)
Әйелдер күресі. 76 келі. 1/8 финал
08:00. Эльмира Сыздықова - Айпери Медет Кызы (Қырғызстан)
Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру. Ерлер. Іріктеу
08:17. Михаил Литвин
Спорттық гимнастика. Ерлер, еркін жаттығу. Финал
14:00. Милад Карими
Бокс. Ерлер. 1/4 финал
15:18. 75 келі. Әбілхан Аманқұл - Эберт Соуза (Бразилия)
16:24. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Иван Верясов (Ресей).
Фото: olympic.kz