Халық саны 34 мыңды құрайтын ел Олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Халық саны 34 мыңды құрайтын ел Олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Сан -Марино спортшылары Алессандра Перилли мен Жан Марко Берти ел тарихында бірінші рет Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды деп хабарлайды Prosports.kz.

Садақ атудан финалда сан-маринолық жұп испаниялықтар Фатима Галвес пен Альберто Фернандеске 40:41 есебімен есе жіберді.

Перилли мен Берти өз елі үшін Олимпиаданың алғашқы күміс медалін жеңіп алды. Бұған дейін Перилли жекелей сында үшін орын алып, Сан-Марино тарихында Олимпиада ойындарында жүлделі орыннан көрінген алғашқы спортшы болған еді.

Сан -Марино - жазғы Олимпиада ойындарында медаль алған халық саны ең аз ел. Ел халқының саны шамамен 34 мың адамды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или