Ильфат Абдуллин Олимпиаданы аяқтады

Ильфат Абдуллин Олимпиаданы аяқтады

Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті. Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді.

Ильфат Абдуллин жарыстың 1/8 финалында қытайлық Ли Джуа Лунмен бәсекеге түсті. Тартысты кездесу негізгі сетте тең 5:5 есебімен аяқталды.

Кездесу жеңімпазын анықтау мақсатында берілген соңғы мүмкіндікте қытайлық қарсыласы 10, отандасымыз Ильфат 8 ұпайды көздеді. Нәтижесінде, жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или