Жансель Дениз: Сіздердің қолдауларыңыз бен тілектеріңізді сезіндім
Токио Олимпиадасында таеквондодан 67 келіден жоғары салмақта бақ сынаған қазақстандық Жансель Дениз жанкүйерлерге жазба арнап, турнирден кейінгі ойымен бөлісті.
«Шынымды айтсам, қазіргі жағдайымды сөзбен жеткізу қиын. Сыртым тыныш мұхиттің кейпінде, ішімде дауыл. Екінші Олимпиада, тағы да жүлдем жоқ.
Әрбір спортшы Олимпиада тұғырында тұруды армандайды. Бұл бізді алға жетелейтін күш.
Арманыңа барар жолда сен барлық қиындықтармен күресесің. Құлайсың, қайта тұрасың. Еңбектесең де тоқтамайсың. Әрі қарай не боларын білмейсің, бірақ бар күшіңді саласың.
Күні-түні өзіңмен жұмыс істейсің. Әрине, ең соңында жеңіліс болады деп күтпейтінің анық. Өйткені, бар кедергіден ақ жүрегіңмен өтесің.
Сіздердің үміттеріңізді ақтай алмадым. Бірақ рахмет айтқым келеді. Маған жанкүйер болғандарыңыз үшін рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бен махаббаттарыңызды сезіндім. Токио ойынын жалғастырып жатқан барша спортшыға сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан», - деп жазды спортшы.