Бокс

57 келі фавориті Миразизбек Мирзахалилов төрешілердің әділетсіз шешімінің кесірінен жарыс жолынан шығып қалды

57 келі фавориті Миразизбек Мирзахалилов төрешілердің әділетсіз шешімінің кесірінен жарыс жолынан шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

57 келі салмақтағы өзбекстандық боксшы Миразизбек Мирзахалилов Токио Олимпиадасымен қош айтысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Миразизбек ирландиялық Курт Уокермен кездесті. Алғашқы раунд тең дәрежеде өткенімен, бес төрешінің төртеуі британдық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Екінші үшминуттықта өзбек жағдайдың қиын екенін түсініп, алға ұмтылды. Айқын басымдық танытса да, үш төреші жеңісті Уокерға берді. Ал, үшінші раундта Миразизбекке қарсыласын нокаутқа түсіру міндетті еді. Алайда, ирландиялық боксшы тентіреп жүріп қарсыластың жойқын соққыларына төтеп берді. Үш раундтың екеуінде басым түссе де, өзбек боксшысына жеңіс бұйырмады.

Айта кетейік, өзбек боксшысының сарапшылар 57 келіге дейін салмақта финалға шығады деп болжаған еді. Бұл салмақта қазақстандық боксшы Серік Теміржанов қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер