Бокс

Төртінші боксшы жарыстан шықты! Серік Теміржанов Токиода АҚШ боксшысынан жеңілді

Төртінші боксшы жарыстан шықты! Серік Теміржанов Токиода АҚШ боксшысынан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Олимпиада ойындарын ерте аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз Токиодағы екінші жекпе-жегінде америкалық Дюк Раганмен кездесті.

Бұл кездесуде 5:0 есебімен АҚШ спортшысы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ал Серік жарыс жолынан шығып қалды.

Осымен төртінші боксшымыз Токиодағы жарысты аяқтады. Кеше Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит, бүгін Надежда Рябец ұтылып қалған еді.

Фото. Тұран Қазанғапов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер